11.12.2011
2011 жылы 6-11 желтоқсан аралығында Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласында Жаһандық Қорлардың II Саммит-Форумы өтті. Форумның мақсаты – «Бейбіт даму, үйлесімді ілгерілеу және өзара тиімді ынтымақтастық» болып табылады.
Форум спикерлерінің бірі «Қазақстан Республикасының бейбітшілік қорының» төрағасы Қазыбек Шайх болды. Шайх мырза өз сөзінде, жаңа Ұлы Жібек жолын жасау идеясымен таныстырды.
Қазыбек Шайх еуразия мемлекеттерін ғана емсе, сондай-ақ АҚШ, Австралия, Канада тәрізді мемлекеттерді қосу арқылы Ұлы Жібек жолының концепциясы мен географиясын кеңейтуді ұсынды. Өйткені, жібек жолының ежелге концепциясы Америка, Австралия және басқа да мемлекеттер ашылғанға дейін қалыптасқан болатын. Оның үстіне, бұл мемлекеттер заманауи әлем экономикасының көшбасшылары болып табылады.
Жаңа Ұлы Жібек жолын жасау идеясын форумның қатысушылары белсенді түрде қолдады және бұл идея «Чунцин хаттамасының» негізін қалады.
Форумға әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің және аймақтарының танымал жаһандық қорларынан бірнеше жүздеген өкілдер қатысты.
Форум талқылау, әлемдегі ынтымақтастық пен үйлесімділікті дамыту ынтымақтастығы туралы жобалық баяндама және келіссөздер арқылы халықаралық платформаның негізі болды.
Дерек көз: http://cq.ifeng.com/zhuanti/jijindh02/